"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ШҚО-да қар құрсауынан 312 адам эвакуацияланды

ШҚО-да қар құрсауынан 312 адам эвакуацияланды

Жергілікті атқару органдары ыстық тамақтар мен көлік үшін жанармай беруді ұйымдастырды.

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 312 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«06.00-дегі жағдай бойынша 312 адам эвакуацияланды, оның 28-і ауруханаға, 40 адам Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке, 55-і - Ақтамберді орта мектебіне, 19-ы - колледжге, 60-ы - Таскескен ауылының тұрғындарына, 70-і - «Айгерім» кафесіне орналастырылды. 40 адам Үржар ауылындағы үйлеріне жеткізілді. Қар құрсауында қалған басқа адамдар эвакуациядан бас тартты», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

«Қар кептеліп қалған жерде 231 көлік құралы тұр. Жергілікті атқару органдары ыстық тамақтар мен көлік үшін жанармай беруді ұйымдастырды. Адамдар медициналық көмекке жүгінген жоқ. Қазір жол тазаланып жатыр», - деді ол.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Әлихан