KZNews.kz
Шоу-бизнес

ШҚО-да орман шаруашылығы инспекциясының бірнеше қызметкері ұсталды

Еркебұлан

https://sputniknews.kz/images/1125/74/11257455.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/regions/20200122/12603735/inspektsiya-kyzmetker-video.html

Бұқтырма бөлімінің басшысы мен оның қарамағындағы бірнеше қызметкер браконьерлерге қамқорлық көрсетіп, жүйелі түрде пара алып келген

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Шығыс Қазақстанда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Бұқтырма бөлімінің басшысы мен бірқатар қызметкері пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық инспекциясының Бұқтырма бөліміндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесті.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=U9AaUlSUUNY[/embed]

Бұқтырма бөлімінің басшысы мен оның қарамағындағы бірнеше қызметкер браконьерлерден жүйелі түрде 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алып келген.

"Олар ақшаны жалпы қамқорлық пен тыйым салынған әдістермен, сондай-ақ уылдырық шашу кезінде Бұқтырма су қоймасының тыйым салынған учаскелерінде балықты заңсыз аулауға тыйым салу шараларын қабылдамағаны үшін алған", - деп хабарлады агенттік.

Күдіктілерге қатысты сотқа дейнгі тергеу басталды. Олардың кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


sputniknews.kz
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →