Тергеу барысында ол 2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың шілдесіне дейін "Күршім ауданының білім бөлімінің" кіші орта мектебінің бухгалтері бола отырып, өзіне артық соманы заңсыз есептеп, өзінің банктік картасына, сондай-ақ мектеп қызметкерлері болып табылмайтын туыстарының банктік карталарына аударғаны анықталды. Осылайша, мемлекетке 11 936 063 теңге көлемінде залал келтірді, делінген сот хабарламасында.
Бухгалтер кінәсін мойындап, құмар ойындарға 9 млн теңге жұмсағанын, ал қалған бөлігін несиелерді өтеуге жұмсағанын айтты.
Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақпарат: http://t.me/orda_kz
Фото: school.8-zhodino.by