Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ШҚО-да аяздың салдарынан су қатып қалды

ШҚО-да аяздың салдарынан су қатып қалды

Риддерде аяздың салдарынан су құбыры қатып қалды.

Қала тұрғындарының сусыз отырғандарына үш күн болды, деп хабарлайды Алтайньюс. Осыдан үш күн бұрын су қабыршақ мұз болып қатып, құбырды бітеп қалған екен.

Бұл туралы Риддер тұрғындары ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі топта  жариялап отыр. Риддерліктердің айтуынша, қала басшылығы тұрғындарды сабырға шақырып, түнгі уақытта су әлсіз қысыммен жіберілгенде ыдыстарға құйып алуға кеңес берген.

Алайда халық түнгі уақытта судың жіберілмегенін айтуда. Жалпы мұндай жағдай бірнеше жыл қатарынан қайталанып отырған көрінеді. Қазір үй-үйге машинамен су тасып жатыр. Мектептерде сабақтар қысқартылып, балабақшалар жарты күн ғана жұмыс істеуде.

Автор
Жандос