KZNews.kz
Басты тақырып

Шортандыдағы жарылыс: 13 жасар бала ауруханада көз жұмды

KZNEWS

Ақмола облысы Шортанды кентінде болған қайғылы оқиғада зардап шеккен 13 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылғы 20 қарашада сағат 21.34-те Шортанды кентінде газ баллонының жарылуынан зардап шеккен 2008 жылы туған Ж.О. кәмелетке толмаған бала Нұр - Сұлтан қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған. Кейін зардап шеккендер арасында балалар бары айтылды.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары