Өңір әкімдігінің мәліметінше, Еркін Тұрарұлы 1986 жылғы 1 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында дүниеге келген.
Ол 2008 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Сәулет өнері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған. Ал 2025 жылы Халықаралық көлік-гуманитарлық университетін «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еркін Тұраровтың жалпы еңбек өтілі 18 жылды құрайды. Оның 15 жылын мемлекеттік қызметте өткізген.
Еңбек жолын «Промстрой» ЖШС жобалау тобында сәулетші-тағылымдамашы болып бастаған. Кейін Өскемен қаласының құрылыс бөлімінде түрлі қызмет атқарып, кәсіби тәжірибе жинады. Сондай-ақ «KazInvestStroy» ЖШС-ны басқарған.
2017–2022 жылдары Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде алдымен басшының орынбасары, кейін бөлім басшысы қызметін атқарды.
2022–2024 жылдары Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарды.
2024 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.
Еркін Тұраров 6 қазаннан бастап Алтай ауданының әкімі қызметіне кірісті.