Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында бірден 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік прокуратура хабарлады.
Ведомство мәліметінше, аудан прокуратурасы спутниктік суреттерді талдап, аумақты тексеру барысында 15 рұқсат етілмеген қоқыс орнын анықтаған.
Аббаттандыру талаптарын бұзғаны үшін полиция қызметкерлері 177 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сонымен қатар прокурорлық қадағалау шаралары аясында тиісті бақылау жүргізбеген 12 ауылдық округ әкімі де жауапқа тартылған.
Прокуратураның хабарлауынша, салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленген.
Қадағалау органы елді мекендердің санитарлық жағдайын бақылау және заңсыз қоқыс орындарын жою бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.