Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шерзаттың қазасына қатысты сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Шерзаттың қазасына қатысты сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сотталғандардың бірі, жасөспірім Думан Ысқақ бостандыққа шықты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған ақпаратты марқұм Шерзаттың отбасының адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады. 

“Думан Ысқақ бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойды. Сол себепті Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 23 шілдеде бұлтартпау шарасын жойып, оны қамаудан босатты”, – деді адвокат. 

Сондай-ақ апелляциялық сот отырысы 18 тамызда Алматы сотының ғимаратында қаралатын болыпты. 

Еске салсақ, 5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ержан Жанұзақов жасөспірім Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған 9 сотталушыға үкім шығарды.

Сот қаулысымен басты күдікті Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша айып тағылды.

2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.