KZNews.kz
Қоғам

Шерзатты балалардың ешқайсысы өлтірмесе де, мойындарына алып отыр - Нұрқияс Ілиясовтың әкесі

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Сондай-ақ 9 сотталушыдан жәбірленуші тараптың пайдасына 120 млн теңге моральдық өтемақы өндіруге шешім шыққан.

Ел дауысы ютуб арнасына берген сұхбатында Нұрқияс Ілиясовтың әкесі Төлетбек Ілиясов бұл үкіммен мүлде келіспейтінін айтты.

«Шерзатты өлтірген адам олардың арасында жоқ болып тұр ғой, олар соны мойнына алып отыр. Менің ойымша солай болып тұр. 9 жыл өте ауыр болып тұр. 9 жыл деген оңай емес. 5-6 жыл болса жарар еді. Апелляцияға береміз. Ондай өтемақыны қайтіп қайтарамыз? 500-600 мың алып, жұмыс істеп жатсақ жарайды. Біздің бар айлығымыз 80-85 мың. Өзім күзетте істеймін, 85 мың аламын», - дейді ол.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары