ка

Шерзат Полатты пышақтаған күдіктіні жәбірленуші фото арқылы таныды — полиция басшысы

06.05.2025 14:53
0
104
Шерзат Полатты пышақтаған күдіктіні жәбірленуші фото арқылы таныды — полиция басшысы
Фото: Әлеуметтік желіден
Медет Әділжанның айтуынша, жәбірленуші оқиғаға қатысы бар адамдарды нақты көрсетіп, фотосуреттен таныған.

Алматы облысы Талғар аудандық Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан Шерзат Болатқа қатысты іс бойынша сотта куә ретінде жауап беріп, тергеу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Оның айтуынша, жедел кезекшіден хабарлама түскен бойда ол аудандық полицияға барып, оқиғаға байланысты қарамағындағы қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктеген. Кейін өзі де оқиға орнына барып, жоспарға сәйкес әрекет еткенін айтты.

Медет Әділжанның сөзінше, оқиға орнынан кейін ол жедел уәкілмен бірге ауруханаға барып, Нұрқанат Ғайыпбаевтан бейнежазба арқылы жауап алған.

"Бізде бірнеше адамның суреті болды. Ғайыпбаевтан күдіктілерді танитынын сұрағанда, ол 'танимын' деп жауап берді. Суреттерді көрсеткенімізде, 'мына азамат Шерзатты пышақтады, ал мына азамат мені пышақтады' деп көрсетті", – деді ол.

Судья Ержан Жанұзақов күдіктілердің нақты кім екенін сұрағанда, Медет Әділжан:

"Шерзатты пышақтаған адам ретінде Шынасыл Абзалды, ал өзін жарақаттаған күдікті ретінде Тоқтаубаевты көрсетті. Екеуінің де фотосуретін танып, нақты көрсетті", – деп жауап берді.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий