Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шерзат Болат ісі: қорғаушы тарап судьяға қарсылық білдірді

Шерзат Болат ісі: қорғаушы тарап судьяға қарсылық білдірді
Кадр: YouTube / SupcourtRK

Шерзат Болатқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесінде қорғаушы тарап судья Ержан Жанұзақовқа қарсылық білдіріп, оны істен шеттету туралы өтініш жасады. Бұл туралы Жоғарғы соттың ресми Telegram-арнасы хабарлады.

Аталған істі судья жеке өзі қарап жатқан. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай жағдайда қарсылықты сол соттың төрағасы немесе басқа судья қарап, шешім шығарады.

Қарсылықтың нақты себептері жария етілмеді. Сонымен қатар, сот процесінің нақты басталу уақыты әзірге хабарланбаған.

Видеодан алынған кадрлар бойынша ақпаратқа қарағанда, процесс жабық түрде өтетін болуы мүмкін. Қоғам мен БАҚ бұл іске ерекше назар аударып отыр.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан