Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шерубай Құрманбайұлы | өмірбаяны

Шерубай Құрманбайұлы |  өмірбаяны

Шерубай Құрманбайұлы (27.11.1964 ж.т., Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз а.) – филология ғылымдарының докторы (1999), профессор (2001). ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006).

ҚазМУ-ды (1991, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы (1991–96), ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі (1996–2001), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде басқарма бастығы (2001–03), ҚР Мәдениет министрлігі Тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары (2003–04), ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары (2005–06), Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі (2006–07), ҚР Білім және ғылым министрлігінде кеңесші (2007–08), ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының кеңесшісі (2008), «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тіл құрылымының басшысы (2009) қызметтерін атқарды. 2009 жылдан Тіл білімі институтының директоры.

«Қазақ лексикасының терминденуі» тақырыбында докторлық диссиртация қорғады. 150-ден астам ғылыми жарияланым мен 4 монографияның авторы. 

Автор
Жандос