KZNews.kz
Спорт

Шерхан Қалмұрзаның Шерхан Мұртазаға қандай қатысы бар: Әкесі кім, қайда тұрады?

Қайсар Қанат
Alash.kz коллажы

"Қайрат" клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаның туған жері мен әкесі жайлы деректер жарияланды.

Журналист Оралхан Дәуіттің жазуынша, болашағынан зор үміт күттіретін спортшы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Оның ата-анасы ертеректе ажырасып кеткен.

Шерханның әкесі Елдар жас кезінде бокспен айналысып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Кейіннен журналистика саласында еңбек етіп, бүгінде Астана қаласында тұрады.

Айта кетерлігі, Шерхан есімінің берілуі де мәнсіз емес. Жуалы – қазақ әдебиетінің майталманы Шерхан Мұртазаның туған жері. Сондықтан ел арасында Қалмырза мен Мұртаза әулеттерін туыстық әрі жерлестік байланыс жақындастырады деген пікір бар.

"Жуалы жерінде дүниеге келген ұланға Шерхан деген есімнің де бекер қойылмағаны анық ғой. Жуалы – Шерағаңның туған жері. Лайым, Алла тағалам жас Шерханға бақ-береке берсін. Бабы да, бағы да келіскен спортшы болсын. Қазақтың туын көкте желбірете берсін", – деп жазды Оралхан Дәуіт.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары