Назарбаевтың немересінің сұхбаты YouTube-тен өшірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шакира Бішкекке келді: әншіні әуежайда мемлекеттік қызмет өкілдері қарсы алды

Шакира Бішкекке келді: әншіні әуежайда мемлекеттік қызмет өкілдері қарсы алды
Фото: әлеуметтік желіден

Әншіні қарсы алғандардың қатарында Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков пен президент істері басқарушысының бірінші орынбасары Бообек Салимжанов болды.

Әлемдік музыка жұлдызы Шакира 18 қазанға қараған түні Қырғызстан астанасы Бішкекке ұшып келді. Танымал әншіні «Манас» халықаралық әуежайында Қырғызстанның мемлекеттік қызмет өкілдері мен концерт ұйымдастырушылары күтіп алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бішкекке келгеннен кейін Шакира әлеуметтік желідегі парақшасында суретін жариялап, жергілікті жұртшылыққа сәлем жолдады.

«Салам, Қырғызстан!» – деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Шакира 18 қазанда Бішкекте жеке концертін өткізеді. Бұл – әншінің Орталық Азиядағы алғашқы жеке шоуы. Осыған байланысты оның Қырғызстанға сапары музыка жанкүйерлері үшін ерекше оқиғаға айналып отыр.

Әншінің Бішкекте өнер көрсететіні туралы ақпаратты қыркүйек айының басында Қырғызстан президенті істері басқармасының басшысы Қаныбек Тұманбаев жариялаған болатын. Ол әлеуметтік желіде Шакирамен бірге түскен видеосын бөлісіп, алдағы концерт туралы хабарлаған еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.