Канаданың Air Transat әуе компаниясының жолаушысын шаян шағып алған.
Бойжеткен Торонто – Калгари рейсінде ұшып бара жатқан. Шаян оны белінің тұсынан шағып алған. Отырған орнынан атып тұрған қыз шаянды көрген. Шаянның ұзындығы 10 см болған. Құдай оңдап қыз аман қалған.