Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шахизада Әбдікәрімов | өмірбаяны

Шахизада Әбдікәрімов |  өмірбаяны

Шахизада Әбдікәрімов 1957 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, «Жаңажол» ауылында дүниеге келген. ҚазМҰУдың журналистика факультетін бітірген. Қармақшы аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде әдеби қызметкер, Байқоңыр қалалық телекомпаниясының төрағасы, республикалық «Қазақстан–1» теледидарының Қызылорда облысы және Байқоңыр ғарыш кешеніндегі меншікті тілшісі, Қызылорда арнайы экономикалық аймағы теледидарының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазір Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы.

Алғашқы өлеңдер топтамасы 1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» кітабына енген. 1983 жылы «Қарлығаш» ұжымдық кітабында өлеңдері жарық көрген. «Байқоңыр», «Төрткүл» өлеңдер жинағының авторы.

Қырғыз ақыны Акбар Рысқұловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. 2001 жылы «Байқоңыр» өлеңдер жинағы қырғыз тілінде жарық көрді.

Автор
Жандос