KZNews.kz
Қоғам

"Шабуылдардан қорқамыз": Рүстем Омаров сериалынан бейәдеп сөздерді алып тастады

Torgyn Abushakhman

Қазақстандық актер Рүстем Омаров жаңа шыққан сериалы бұғатталып қалғаннан кейін материалдан барлық бейәдеп сөздер алынып тасталғанын хабарлады. Бұл туралы Kznews.kz  жазады.

Актер Рүстем Омаров әлеуметтік желілеріне кіре алмаған соң қазақстандықтарға тағы да үндеу жасады. Ол Youtube желісінде өзінің қатысуымен түсірілген сериалдың бұғатталып қалғанын жеткізді.

Омаровтың айтуынша, каналды қалпына келтіру қолдан келмеген. Сол себепті командасы жаңа канал ашуға мәжбүр болған.

"Жаңа шабуылдардан қорқамыз. Тәуекелге барғымыз келмейді. Оқырмандары жоқ жаңа Youtube канал аштық. Барлық бейәдеп сөздерді алып тастадыұ Неге екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Олар мұндай істерді қалай жасайтынын түсінгендей болдық", - деді Омаров.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары