Жергілікті БАҚ мәліметінше, оқиға 29 қыркүйекте болған. Қазақстандық жұмысшы ғимараттың 23-қабатында жұмыс істеп жатқан кезде бетон төбенің бір бөлігі опырылып түскен.
Салдарынан ол ауыр жарақат алып, қаза тапқан.
Қайғылы оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігі аталған құрылыс алаңындағы жұмыстарды уақытша тоқтатты.
Қазақстанның дипломатиялық өкілдері марқұмның туған-туыстарымен байланыс орнатқан. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, отбасыға қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның құзырлы органдары оқиғаның себептері мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр.