Қазақстанға әсері қандай: Ресей бизнесінің қаржылық жағдайы нашарлап барады...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты
Құрылыс. Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде құрылыс нысанында еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматы қайғылы жағдайда көз жұмды. Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, оқиға 29 қыркүйекте болған. Қазақстандық жұмысшы ғимараттың 23-қабатында жұмыс істеп жатқан кезде бетон төбенің бір бөлігі опырылып түскен.

Салдарынан ол ауыр жарақат алып, қаза тапқан.

Қайғылы оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігі аталған құрылыс алаңындағы жұмыстарды уақытша тоқтатты.

Қазақстанның дипломатиялық өкілдері марқұмның туған-туыстарымен байланыс орнатқан. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, отбасыға қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның құзырлы органдары оқиғаның себептері мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер