20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шетелдіктер асырап алған Жәнібек желідегі парақшасында жазба жариялады

Шетелдіктер асырап алған Жәнібек желідегі парақшасында жазба жариялады

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелге кеткен Жәнібекке (Jani Saveliev) қатысты тың деректер пайда болды. Оның туған анасын іздеу ісі әлі де жалғасып жатыр және бұл бағытта жаңа үміт отын жаққан мәліметтер шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Жәнібек әлеуметтік желіде бөліскен жазбасында бұл іздеудің өзі үшін аса маңызды әрі ұзақ процесс екенін атап өтті. Ол анасын табу жолында бірқатар жандардың қолдау көрсетіп жатқанын айтып, олардың қатарында белсенділер мен заңгерлер бар екенін жеткізді. Сонымен қатар соңғы уақытта үміт сыйлайтын бірнеше дерекке кезіккенін де жасырмады. Жәнібек күн сайын анасын ойлайтынын айтып, оған деген сағынышын жеткізді.

"Сәлеметсіздер ме, қымбатты отбасым мен достарым. Бұл менің сіздермен бөліскім келген жүрекжарды жеке жаңалығым. @kymbatdoszhan , @meir_halyq_zangeri және тағы да көптеген жақсы адамдармен бірге біз әлі күнге дейін анамды іздеуді жалғастырып келеміз. Бұл іздеу ұзаққа созылып жатыр және әлі де қанша уақыт жалғасатынын білмеймін, мүмкін әлі ұзаққа созылар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада нәтижесін берер. Соңғы уақытта біз үміт сыйлайтын көптеген іздерге де кезіктік. Біліп жүріңіздер, мен күн сайын сіздердің әрқайсыңызды да, анамды да ойлаймын. Барлығыңызға тек жақсылық тілеймін", – деп жазды Жәнібек.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер