KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Шешіне салмады ма?”: Ашық образдағы Маржан Арапбаеваға оқырмандар кейіп тастады

Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Маржан Арапбаева әлеуметтік желідегі парақшасында 2025 жылғы байқауға дайындық кезінде түсірілген видеосын жариялады. Өнер иесінің архивтегі кадрларды бөлісуі желі қолданушылары арасында қызу талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жазба астында әншінің сахнадағы киім үлгісі мен орындаушылық мәнеріне қатысты түрлі пікірлер айтылды. Кейбір оқырман оның образын тым ашық деп бағалап, әншінің жасына байланысты сын-пікір білдірген.

«Есті әйел ашық киінбейді», «Жасы келген сайын шешініп жатыр», «Ішіп алған ба?», «Ештеңе ұқпадым, қырылдап не айтып жатыр», «Бір күні жалаңаш шығатын шығар», «Шамалы жабықтау киінсейші», «Ұят» деген пікірлер жазылған.

Сондай-ақ кейбір қолданушылар әншінің сахналық киімін ұлттық нақыштағы образдарға қатысты сынаған.

Айта кетейік, жарияланымға қатысты пікір білдіргендердің арасында өнер иесін қолдағандар да бар. Дегенмен жазба астындағы талқылаудың басым бөлігі оның сахнадағы образы мен орындауына қатысты болды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →