Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Серік Қапшықбайұлы | өмірбаяны

Серік Қапшықбайұлы |  өмірбаяны

Серік Қапшықбайұлы 1935 жылы Қытай Халық республикасында туған. 

1956 жылы Шыңжаң институтының тіл-әдебиеті факультетін тамамдаған. Еңбек жолын «Шыңжаң оқу-ағарту» журналында бастап, 1957 жылы елде жүргізілген «Іс-тіл дұрыстау» қозғалысында «ұлтшыл» атанып, 1979 жылға дейін қуғын-сүргінге ұшырады. 

1984 жылдан бері «Тарбағатай» журналының бас редакторы қызметін атқарды. 

1994 жылы ата мекені – Қазақстанға қоныс аударды. Бірнеше жыр жинақтары мен прозалық шығармалардың авторы. 

1986 жылы «Жылдар арасында» атты таңдамалы өлеңдер жинағы үшін Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген. Республикалық «Балдырған» журналында бөлім редакторы болған, қазір шығармашылық жұмыста. «Тас», «Жылқы ішінде ала жүр», «Жоқ», «Күншығыс», «Жер басып жүргендер», «Бала» кітаптарының авторы. Қазақстанға келгелі 5 рет халықаралық ақындар мүшәйрасының бас бәйгесін алған. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Автор
Мадияр