Қазақстандық танымал әнші Серік Ибрагимов пен оның жары Айнамкөз Әбдімаеваның отбасында төртінші сәби дүниеге келді, деп хабарлайды kznews.kz.
Қуанышты жаңалықты өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Перзентханада түсірілген видеода әнші жары мен жаңа туған нәрестесінің жанында тұрып, төрт саусағын көрсету арқылы төртінші рет әке атанғанын аңғартқан.
Әншінің отбасында төрт бала бар
Серік Ибрагимов пен Айнамкөз Әбдімаева бұған дейін үш бала тәрбиелеп отырған. Олардың тұңғышы – Хамза, одан кейін Рабиа есімді қызы мен 2024 жылдың қаңтарында туған Шадияр есімді ұлы бар.
Биыл сәуір айында жұлдызды жұп гендер-пати ұйымдастырып, отбасылары тағы бір ұл баламен толығатынын сүйіншілеген еді.
28 шілдеде әнші төртінші перзентінің дүниеге келгенін ресми түрде хабарлады. Желі қолданушылары өнер иесін қуанышты жаңалығымен құттықтап, ана мен сәбиге саулық тіледі.