Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сенатор: «Байқоңырды жалға беруді доғару керек»

Сенатор: «Байқоңырды жалға беруді доғару керек»
фото: bolashaq.edu.kz

Сенатор Андрей Лукин Қазақстан әлі күнге дейін Байқоңырды тек жалға берумен шектеліп, ғарыш саласында белсенді рөл атқара алмай отырғанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты "Орда" порталына сілтеп.

Депутаттық сауалында ол ғарыш кешеніне мемлекеттік сатып алуларда жеңілдіктер беру қажеттігін айтты.

– Негізгі бағыт ретінде университеттер мен стартаптардың қатысуымен шағын спутниктерді әзірлеуді айтуға болады. Сонымен қатар спутниктерді басқару орталығын кеңейтіп, Қазақстанды ғарыштық қызметтерді – өндіру, ұшыру және технологиялық сүйемелдеу – экспорттайтын ел ретінде ілгерілету маңызды, – деді Лукин.

Сенатор ұсынған өзге де бастамалар қатарында:

  • спутниктік деректерді ауыл шаруашылығында, құрылыста, экологияны қорғауда және ТЖ жоюда пайдалану;
  • инженерлік-ғарыштық факультеттер ашу, тағылымдамаларды қолдау және ғылыми базаны дамыту;
  • спутниктік бағдарламаны жаңғыртып, ғарышқа аса жеңіл зымыран ұшыру;
  • Байқоңырда арнайы экономикалық аймақ құру бар.
Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан