"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сен қаласың өлеңі, өлең, тақпақ, жыр, құрдас, дос туралы өлең

Сен қаласың өлеңі, өлең, тақпақ, жыр, құрдас, дос туралы өлең

Суға салдым, отқа да құрдасымды,
Жанда жүрген жол сілтер жолдасымды.
Жөнің бөлек мен үшін, орның бөлек,
Бөлек туған өзгеден тұлға сынды.

Ұмытпаймын бір сәтке сырласымды,
Торыққанда сыр шертер құрдасымды.
Сәл кідірсең сен жаққа жылысамын,
Сай-салаға жаныққан жылға сынды.

Құлағың сал, жүрекпен тыңда үнді,
Тілімді ал, бойыңдағы шыңда мінді.
Мен кетсем де, өлеңде сен қаласың-
Атың сенің мен жазған жырға сіңді.

Биғали Шоман

Автор
Еркебұлан