Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жұбайының денсаулығына алаңдап, әлеуметтік желіде оған деген жылы тілегін жазды. Өнер иесінің айтуынша, ерлі-зайыптының екеуі де тамақтан уланып қалған. Соған қарамастан, олар Өскеменге ұшып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Әнші үшін жұбайының ауырғанын көру оңай болмаған. Ол жарының әрдайым күліп, көңілді жүргенін қалайтынын айтып, оның тезірек сауығып кетуін тілеген.
«Мен ауырғанда қу жаны қалмай шырылдап жүріп емдеп алушы еді. Енді екеуіміз де "отравление" болып алып, тып-тыныш Өскеменге ұшып бара жатырмыз. Алтыным сол, мен-ақ ауыра берейін. Сен ауырмашы. Сенің қиналғаныңды көріп, не істерімді білмей, абдырап қалып жатырмын», – деп жазды Жігер Ауыпбаев.
Өнер иесі жарының ауырғанына алаңдап отырғанын жеткізіп, оған Алладан шипа тіледі.
«Сен тек күліп, жадырап, жайнап жүрші. Сенің күліп жүргенің мен үшін мереке екен. Алла шипа берсін, алтыным», – деп жазды әнші.