ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Семейде қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен

Семейде қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен
Семейде қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 16 ақпанда Семей қаласының 1-шағынауданында болды. Полицияға куәгерлер қоңырау шалып, жергілікті тұрғынның тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болғанын хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазір қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.ШҚО ПД баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сай жариялауға ​​жатпайтыны атап өтілген.
Автор
Еркебұлан