KZNews.kz
Шоу-бизнес

Семейде подьезде қалған қоқыстан өрт шықты

KZNEWS

Кеше түнде Семейдегі 9 қабатты үйден өрт шықты.

Бір адам уланып қалды. Төтенше жағдайлар комитетінің ақпаратына  сенсек, өрт туралы хабар түнгі сағат 03:18-де келіп түскен. «Өрт төменгі қабатта қалған қоқыстан шыққан. 10 квадрат метр аумақты шарпыған», деді баспасөз хатшысы. Өрт сөндірушілердің көмегімен 27 адам, оның үшеуі бала, эвакууацияланған. 19 жастағы бойжеткенге иіс тиіп, емханаға жатқызылған.

– Өрт сөндіруге 16 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Нақты себебі анықталып жатыр, – деді баспасөз хатшысы.

Дереккөз: Алтайньюс

KZNEWS
Автордың басқа материалдары