KZNews.kz
Шоу-бизнес

Семей мен Өскеменнің бұрынғы әкімі көз жұмды

KZNEWS

Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Амангелді Қажыбаев 78 жасында көз жұмды. Оның қазасы туралы хабарды Өскемен әкімі Жақсылық Омар жеткізді.

«Өскемен қаласының құрметті азаматы Амангелді Қажыбайұлы Қажыбаев өмірден озуына байланысты отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

Амангелді Қажыбаев – Тарбағатай ауданының тумасы, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері.

Кезінде Семей және Өскемен қалаларын басқарған, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды», — деп жазды ол.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары