Бұл туралы kznews.kz порталына қала тұрғындары хабарлады. Тұрғындар түсірген видеода пролетариат көсемінің ескерткішіне жасалып жатқан демонтаж жұмыстары анық көрінеді.
Жалпы, бұған дейін ескерткіштің техникалық жағдайы тұрғындардың алаңдаушылығын туғызған еді. Қала тұрғындары оның құлау қаупі бар екенін айтып, қауіпсіздік мәселесін көтерген болатын.
Қала әкімінің кеңесшісі Серік Байғалиев ескерткішті техникалық тексеруден өткізу қажеттігін мәлімдеген. Ол тиісті материалдарды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жолдайтынын айтқан.
Осылайша, Семейдегі кеңестік дәуірдің символдарының бірі қала кеңістігінен алынды.