SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды: борттан ақау табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Семейдегі Ленин ескерткіші алынды

Семейдегі Ленин ескерткіші алынды
Фото: видеодан скриншот

Семей қаласындағы Жамакаев көшесінде орналасқан Владимир Лениннің соңғы ірі ескерткіші орнынан алынды.

Бұл туралы kznews.kz порталына қала тұрғындары хабарлады. Тұрғындар түсірген видеода пролетариат көсемінің ескерткішіне жасалып жатқан демонтаж жұмыстары анық көрінеді.

Жалпы, бұған дейін ескерткіштің техникалық жағдайы тұрғындардың алаңдаушылығын туғызған еді. Қала тұрғындары оның құлау қаупі бар екенін айтып, қауіпсіздік мәселесін көтерген болатын.

Қала әкімінің кеңесшісі Серік Байғалиев ескерткішті техникалық тексеруден өткізу қажеттігін мәлімдеген. Ол тиісті материалдарды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жолдайтынын айтқан.

Осылайша, Семейдегі кеңестік дәуірдің символдарының бірі қала кеңістігінен алынды.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.