Семей қаласында шілде айынан бері басталған балалар ойын алаңын салу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмай, тұрғындардың ашуын тудырып отыр, деп хабарлайды kznews.kz
Күздің соңы болып, ауа райы суытса да, жауапты мекемелер бұл былыққа бейжай қарап, ешқандай бақылау орнатпаған. Салынбай жатып тозығы жеткен спорттық мүкәммалдар мен қоршаулар қараусыз қалып, кейбірі ұрланып кеткен. Халықтың айтуынша, бұл бюджет ақшасын желге ұшырып, көзбояушылық жасаудың нақ өзі. Жауапты қадағалаушы органдар бұл заңсыздыққа қашан назар аударып, кінәлілерді жазалайтыны әзірге белгісіз.