KZNEWS.KZ
Қоғам

Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Семейде облыстық сот ғимаратының маңында ер адамның қаза табу себептері анықталып жатыр. Оқиға 30 қазан күні шамамен сағат 17:00-де болған, деп хабарлайды kznews.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзін-өзі өртеген. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары жеткен. Алайда ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін алған күйіктерінен көз жұмған.

Абай облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →