Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Семейде ересектер балалардың көзінше арыстандардың торына тас лақтырған

Семейде ересектер балалардың көзінше арыстандардың торына тас лақтырған
Видеодан алынған кадр

Облыстық балалар биологиялық орталығында ересектер балалардың көзінше арыстандардың торына тас лақтырды. Биоорталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видео қоғамда дау тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Видеода бірнеше ер адам балалармен бірге тас жинап алып, оны арыстандардың торына лақтырып жатқаны байқалады. Биоорталық мәліметінше, мұндай жайттар кейінгі уақытта жиілеп кеткен.

"Мұны жай ғана зиянсыз әрекет деуге болмайды. Бұл – жануарға жасалған қатыгездік (...) Ересек жануарға тас лақтырса, жанында тұрған балаларға да соны істеуге болады дегенді көрсетеді. Яғни жарақаттау – қалыпты нәрсе деген қате түсінік қалыптастырады. Бірақ бұл – өте қауіпті. Балалар сөзден емес, әрекеттен бой түзейді. Олардың бойына тіршілікке құрметті де, қатыгездік пен немқұрайлықты да сіңіретін – өзіміз", – делінген жазбада.

Жазба қоғамда қызу талқыланды. Әлеуметтік желі қолданушылары пікірлерде тас лақтырғандарды тауып, жауапқа тартуды талап етіп жатыр. Абай облыстық Полиция департаменті тексеруді бастап кетті.

"Қазір бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, оқиғаның куәгерлері анықталып, олардан жауап алынып жатыр. Кінәлі тұлғалар анықталғаннан кейін олардың әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады полиция.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.