KZNEWS.KZ
Қоғам

Семейде ағаш кесу цехының аумағында үлкен өрт шықты

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Семейдегі Глинки көшесінде өрт шықты. Ағаш кесу цехының аумағында ағаш материалдары өртке оранды, деп хабарлайды kznews.kz

Өрт сөндірушілер мен құралдар жоғары деңгейдегі шақырту бойынша жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Өртті сөндіруге 50-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған. Жалын 400 шаршы метр аумақта жиналған ағаш материалдарын шарпыған.

“Жалпы салмағы 300 тонна болатын күнбағыс қабығы да өртенген”, – деп нақтылады Семей қаласы ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Самат Еңкебаев.

Ведомство өкілі жақын маңдағы қоймалар мен тұрғын үйлерге еш қауіп жоғын атап өтті.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →