Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Семей тұрғыны Instagram-дағы жазбасы үшін 86 500 тенге айыппұл алды

Семей тұрғыны Instagram-дағы жазбасы үшін 86 500 тенге айыппұл алды
Фото: depositphotos.com

2026 жылғы 3 наурызда Семей қаласындағы «Balapark» балалар ойын-сауық орталығында өрт болды. Жедел қызметтердің уақытылы әрекетінің арқасында адам шығынына жол берілген жоқ.Алайда қала тұрғындарының бірі Instagram желісіндегі жергілікті пабликтердің бірінде өрт салдарынан 18 адамның қаза тапқаны туралы жалған ақпарат жариялаған, деп хабарлайды kznews.kz Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Мұндай шындыққа жанаспайтын мәліметтердің таралуы халық арасында алаңдаушылық туғызып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болуы мүмкін еді.

Құқық қорғау органдары азаматшаның жеке басын жедел анықтап, оған қатысты әкімшілік іс қозғады.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы Instagram желісіндегі жазбасы үшін жауапкершілік алып, өз кінәсін толық мойындады.

2026 жылғы 18 наурыздағы сот қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы 3-бөлігі бойынша жалған ақпаратты жариялағаны және таратқаны үшін 86 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Аталған сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Абай облысының прокуратурасы төтенше жағдайлар кезінде жалған ақпарат таратуға жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер заң аясында жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер