Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Семей орманында» сыйақы үшін ағаштарды заңсыз кесуге жол берген лауазымды тұлғалар ұсталды

«Семей орманында» сыйақы үшін ағаштарды заңсыз кесуге жол берген лауазымды тұлғалар ұсталды

Күдікке ілінгендер ақша үшін орманның ағашы құнды учаскелеріне кедергісіз кіруге жағдай жасаған деп болжанып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратурамен бірлесіп, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы заңсыз әрекетті анықтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу мәліметінше, резерваттың кейбір лауазымды тұлғалары ағаштарды заңсыз жаппай кесіп, кейін сатуға мүмкіндік беретін схема ұйымдастырған деген күдікке ілінген.

Күдікке ілінгендер ақша үшін орманның ағашы құнды учаскелеріне кедергісіз кіруге жағдай жасаған деп болжанып отыр.

Тінту кезінде тергеушілер бухгалтерлік құжаттарды, ағаш кесуге қатысты орман учаскелерінің жазбаларын және ақша бөлінісі туралы қолмен жазылған құжаттарды тапқан. Сонымен қатар басқа да заттай дәлелдемелер алынған.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тергеліп жатыр.

ҰҚК мәліметінше, тергеу жалғасып жатқандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес істің басқа мән-жайлары жарияланбайды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі