Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Сахнада 50 жыл жүргенім жеткілікті» – Роза Рымбаева

«Сахнада 50 жыл жүргенім жеткілікті» – Роза Рымбаева
Фото: Ашық дереккөзі

Белгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева соңғы уақытта өнер жолына қатысты көп ойланғанын айтып, шығармашылықтағы келесі қадамы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Өнер иесі бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында сөз қозғаған. Оның айтуынша, өткен өмір жолын саралаған сәтте сахнаға жетелеген жандар, әсіресе өмірлік серігі Тасқын жиі көз алдына келген.

«Биыл өткен өмір жолым мені көп ойға қалдырды. Алғаш сахнаға жетелеп әкеліп, тәрбиелеп, бүгінгі деңгейге жеткізген жолдасым Тасқын көз алдыма келді. Сол сәтте «сахнада 50 жыл жүргенім жеткілікті шығар» деген ой да мазалады. Кейбірі айтады, жастарға орын бермейсің бе деп. Мен бұнымен келіспеймін. Ешкімнің жолын бөгеп жүрген жоқпын. Мүмкін үлкен жобаларға емес, тек концерттерге қатысып жүремін бе деген ой келді. Бірақ осы концерттердің сұранысына қарап көрермен көптен күткенін байқадым», – деді өнер иесі.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер