Ұлытаулық ақсақал Парижге дейін үш мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шахановты қорлаған блогер сотқа тартыла ма: Заңгер қатаң шараны талап етті

Шахановты қорлаған блогер сотқа тартыла ма: Заңгер қатаң шараны талап етті
kznews.kz коллажы

Танымал заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов туралы айтылған даулы пікірге қатысты құқықтық шара қолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Даудың шығуына "Мамбетадор" атты қолданушының жазбасы себеп болған. Ол Алматыдағы Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың есімімен атау ұсынысына қарсы шығып, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қатысты орынсыз пікір білдірген.

Бұл жазба әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, көпшіліктің наразылығын туғызды. Әсіресе, Желтоқсан оқиғасы қатысушыларын қорлайтын сөздер қоғамда үлкен резонансқа ие болды.

Мейірман Шекеев бұл әрекетті арандатушылық әрі ұлттық құндылықтарға нұқсан келтіру деп бағалады. Оның айтуынша, блогердің сөзінде алауыздық қоздыру және жеке тұлғаның ар-намысына тиетін белгілер бар. Осыған байланысты заңгер құзырлы органдарға ресми арыз түсіретінін жеткізді.

Сондай-ақ ол Мұхтар Шахановтың Желтоқсан оқиғасына саяси және құқықтық баға беруге қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ақынның бастамасымен КСРО деңгейінде арнайы комиссия құрылып, қазақ жастарының әрекетіне әділ баға берілген еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер