KZNews.kz
Жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан өліммен аяқталған жол апаты бойынша іс күтпеген бағытқа бұрылды

Дархан Тоқан
Коллаж: KzNews

Енді Гүлайым Рахмонова сотқа күдікті ретінде барады. Бұған дейін ол іс аясында қорғау құқығы бар куәгер мәртебесінде жауап берген еді, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Tengri Life-ке сілтее беріп.

Прокуратураның мәліметінше, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық іс 2026 жылғы 29 қаңтарда сотқа мәні бойынша қарау үшін жолданған.

«Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа жіберілді», – деп нақтылады ведомство.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың тамызында – апаттан кейін көп ұзамай – Жамбыл облыстық полиция департаменті Гулайым Рахмонованың қорғау құқығы бар куәгер ретінде тергелгенін хабарлаған. Ол кезде оның ем қабылдап жатқаны айтылып, тергеу әрекеттері жалғасатыны жеткізілген.

«Жүргізілген тергеу шараларының нәтижесіне қарай, оған қатысты қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады», – деген еді полиция.

Кейін, 2025 жылдың қарашасында Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов істің ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын және аяқталуға жақын екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, негізгі тергеу әрекеттері тәмамдалған, тек соңғы кешенді автотехникалық сараптаманың қорытындысы күтілген.

«Қазіргі кезде тергеу әрекеттерінің барлығы дерлік аяқталды. Соңғы кешенді автотехникалық сараптаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Қорытындысына қарай айып тағу және істі сотқа жолдау туралы шешім қабылдаймыз», – деген еді Әділов.

Қазір іс сотқа жіберілді, ал Гулайым Рахмонова күдікті деп танылып отыр. Сонымен бірге баптың саралануы да ауырлады: енді ол ҚК 345-бабы 4-бөлігімен қаралады. Бұл – жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның қаза табуына әкеп соққан жағдай.

Аталған баптың санкциясы:

Прокуратура түпкілікті жазаны сот барлық мән-жайды ескере отырып белгілейтінін атап өтті.

Іс алдағы уақытта сотта қаралады. Процесте сараптамалардың қорытындылары, оқиғаға қатысы бар адамдар мен куәгерлердің жауаптары, сондай-ақ болған жағдайдың барлық мән-жайы – оның ішінде жеңілдететін немесе ауырлататын факторлардың бар-жоғы бағаланбақ. Соңғы шешім мен жаза түрін тек сот анықтайды.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →