Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сауд Арабиясында бала туу ресімдері жеңілдеді

Сауд Арабиясында бала туу ресімдері жеңілдеді

Астана. 23 қаңтар. KAZISLAM – Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі бала тууға қатысты жаңа ережені бекітті. The National басылымының хабарлауынша, жаңа құжат әйелдер үшін жүктілік кезеңін, сондай-ақ туу процесін жеңілдетіп отыр.

Мәселен, енді әйелдер өзінің қамқоршысы – күйеуінен туу кезіндегі медициналық әдісті таңдауда келісім алмаса да болады. Яғни табиғи жолмен немесе кесарево жолымен баланы дүниеге әкелуді өзі таңдайды, деп жазады Islam-today.

Сонымен қатар әйелдер туу кезінде қасында болатын туыстарын да өзі таңдай алады. Бұған дейін осының барлығына қамқоршысы немесе күйеуі жазбаша келісім беруі тиіс еді.

Ал тікелей туу процесінде енді саудиялық әйелдерге алғаш рет толғақ кезінде денсаулығына қауіп төндірмесе қозғалуға рұқсат беріледі

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Бауыржан