Сауд Арабиясы королінің алыс туысы саналатын 29 жастағы ханзада Абдулла бен Фахад бен Абдулла бен Абдулазиз бен Джалауи әл-Сауд Лондонның батысындағы Кенсингтон ауданында орналасқан Marriott қонақүйінен өлі табылды. Бұл туралы британдық The Telegraph басылымы жазды.
Ханзаданың денесі 2025 жылғы 25 қарашада элиталық қонақүйдің жуынатын бөлмесінен табылған. Алайда бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында енді ғана жарияланып отыр.
Басылым мәліметінше, марқұмның қанындағы алкоголь мөлшері көлік жүргізушілеріне рұқсат етілген шектен шамамен үш есе жоғары болған. Сондай-ақ оның қанынан гамма-гидроксибутират, каннабис және ксанакс препараттарының іздері анықталған.
Мәйітті сараптау барысында ханзаданың созылмалы аурулары болмағаны белгілі болды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, алкоголь мен есірткі заттарының өзара әсерінен жүрегі тоқтап, қайтыс болған.
Анықталғандай, өлімінен үш ай бұрын ер адам Лондондағы жекеменшік клиникалардың бірінде ем қабылдаған. Ол есірткі мен алкогольге тәуелділіктен арылуға бағытталған терапиядан өткен.