Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке әл-Мукаррама мекемесі қажылық маусымына байланысты бірқатар маңызды шектеулер мен талаптарды жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) мәліметінше, қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықты тыныш әрі реттелген жағдайда өткізу мақсатында енгізілген.
“2026 жылғы 18 сәуірден 31 мамырға дейін "Nusuk" платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады. 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады”, – делінген ҚМДБ хабарламасында.
Аталған талаптарды бұзғандар Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Сауд Арабиясының құзырлы органдары барлық азаматтарды соның ішінде шетелдіктерді белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақырады.