Сәтпаевтың голы Эдмилсонға жазылды: "Қайрат" ҚПЛ-да көш бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сәтпаевтың голы Эдмилсонға жазылды: "Қайрат" ҚПЛ-да көш бастады

Сәтпаевтың голы Эдмилсонға жазылды: "Қайрат" ҚПЛ-да көш бастады
Фото: kffleague.kz

Алматының «Қайрат» командасы Премьер-лиганың 25-турының алдын ала ойнатылған матчында Ақтаудың «Каспий» клубын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ойын Алматының Орталық стадионында өтті. "Қайрат" клубына әрбір ұпай маңызды, сондықтан алаңға негізгі құрам ойыншылары шықты. Маңғыстаулық клуб турнир кестесінің көш соңында тұрса да, сауатты ойнай білді. "Қайраттың" дүркін-дүркін шабуылының бетін қайтарып, 1 таймда қақпаларын аман алып қалды. Алайда екінші 45 минутта алматылықтар екі гол салып, ойынды жеңіспен аяқтады. 

Алғашқы голды Дастан Сәтпаев салды, алайда доп Эдмилсонның денесін жанап өткендіктен гол бразилиялық шабуылшының есебіне жазылды. Екінші голды португал ойыншысы Жорже Габриель Да Коста Монтейро салып, Премьер лиганың сұрмергендер бәсекесінде көш бастады.

Келесі ойында" Каспий" Қостанайға аттанатын болса, "Қайрат" өз алаңында Семейдің "Елімайын" қабылдайтын болады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.