“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сарышаған стансасында көмір қоймасы отқа оранды

Сарышаған стансасында көмір қоймасы отқа оранды

2018 жылғы 9 желтоқсан 13:22 173

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 9 желтоқсанға қараған түнде Сарышаған стансасындағы орта мектептің көмір қоймасында өрт тұтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сағат 00:10-да өрт туралы хабар келіп түскен бойда Сарышаған стансасына өрт сөндіру пойызының жеке құрамы жіберілді.

Ауданы 90 шаршы метр қоймада 60 тоннадан астам көмір болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен екі жарым сағаттай алысып, 02:40-та толықтай сөндірді.

Өртті сөндіруге өрт сөндіруші пойыздың 7 қызметкерінен тыс, 12 жергілікті теміржолшы да қатысты. Көмірді шығаруға трактор жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Санжар