«Бір тамшы су тамбасын!» – Нәлібаев тәртіпті Алматы әуежайынан бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сәрсемәлиевтің әйелімен Балиге қалай қашқаны белгілі болды

Сәрсемәлиевтің әйелімен Балиге қалай қашқаны белгілі болды
Arasha.kz коллажы

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында Мұқанғалиевтер отбасының бірнеше мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс қаралып жатыр. Сот барысында қылмысқа байланысты жаңа деректер жария болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті қылмыстан кейін марқұмдардың мүлкін иемденіп, сол қаржыға шетелге кеткен. Іс материалдарында жоғалған отбасы мүшелерінің балалары белгілі бір уақыт бойы Сәрсемәлиевтің анасының қарауында болғаны да көрсетілген.

Құқық қорғау органдары іздеу жұмыстарын бастағанын аңғарған күдікті Атыраудан жедел кетуге шешім қабылдаған. Тергеу нұсқасы бойынша, онымен бірге Ақбаян Мұқанғалиева да елден шыққан. Айыптау актісінде Сәрсемәлиевтің оны Қазақстанда қалдыруды қауіпті санағаны айтылған.

Іс құжаттарына сәйкес, 2025 жылғы 9 желтоқсанда олар «Қапланбек» шекара бекеті арқылы Өзбекстанға өткен. Кейін Ташкент – Куала-Лумпур – Бали бағытымен ұшып, Индонезияға жеткен.

Күдіктілер Бали аралында екі айдан астам уақыт бойы жасырынған. Алайда 2026 жылғы 24 ақпанда Индонезияның көші-қон қызметі визалық талаптарды бұзғаны үшін екеуін ұстаған. Кейін олар Қазақстанға депортацияланды.

Тергеу барысында 2026 жылғы 9 наурызда Сәрсемәлиевтің қатысуымен жүргізілген тексеру кезінде Мұнайшы ықшамауданындағы үй ауласынан Мұқанғалиева мен Қарабалиннің жерленген мәйіттері табылған.

Еске салайық, төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты алдын ала сот тыңдауы 18 мамырда басталған. Сотта ол кінәсін мойындап, тіпті өлім жазасына да дайын екенін айтқан.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі