5 айда - 7 пайыз: ішкі инвестиция көлемі өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сәрсемәлиев ісі: Сарапшы марқұмдардың денесіндегі жарақат тереңдігін айтты

Сәрсемәлиев ісі: Сарапшы марқұмдардың денесіндегі жарақат тереңдігін айтты
kznews.kz коллажы

Атырау облысында төрт адамның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында сот-медициналық сарапшы Сержан Сейдешев марқұмдардың денесінен анықталған жарақаттарға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сарапшының айтуынша, қайтыс болған екі адамның сүйегінен тереңдігі 10-18 сантиметрге дейін жететін жарақат іздері анықталған.

Маман Наурыз Мұқанғалиевтің денесіндегі кей жарақаттардың нақты өлшемін анықтау қиын болғанын айтты. Себебі мәйіттің шіруі кезінде жарақат көлемі өзгеруі мүмкін.

"Мәйіт шіріген кезде адам ағзасындағы жарақат өлшемі кішірейеді. Бірінші жарақат тереңдігі – 8-10 см. Үшінші жарақат – 10-12 см. Бесінші жарақат – 10-12 см, оныншы жарақат – 12-15 см. Осы төрт жарақат ішкі ағзаны зақымдаған", – деді сарапшы.

Сондай-ақ сотта Мейрамгүл Қарабалинаның өліміне себеп болған жарақаттар туралы да айтылды. Сарапшының сөзінше, марқұмның сол жақ өкпесі, жүрек қабы, жүрек аймағы және бауыр тұсында ауыр жарақаттар болған.

Атап айтқанда, сол жақ өкпе тұсындағы жарақаттың тереңдігі 12-14 сантиметр, жүрек қабы мен жүрек аймағындағы жарақат 8-10 сантиметр болғаны айтылды. Тағы бір жүрек аймағындағы жарақаттың тереңдігі 15-18 сантиметрге дейін жеткен. Ал бауыр тұсындағы жарақат 12-15 сантиметр болған.

Қазіргі уақытта Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот отырыстары жалғасып жатыр. Істің толық мән-жайы сот барысында анықталмақ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер