"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сара Тоқтамысоваға Абай облысының әкімі темір тұлпар сыйлады

Сара Тоқтамысоваға Абай облысының әкімі темір тұлпар сыйлады

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қолынан көліктің кілтін алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі “Алтын домбыра” байқауына қатысып, пәтер иеленген еді. 

“Қадірлі ағайын! Тағы бір сүйінші жаңалығымды бөліскім келеді. Абай облысының әкімі Берік Уәли ағамыз жеке қабылдап, Абай халқының атынан темір тұлпар мінгізді. Бұл менің еңбегіме ғана емес, айтыс өнеріне, Шығыс жұртының руханиятына жасалған үлкен құрмет деп білемін”, – деп жазды ақын. 

Айтыскер ақынның сөзінше, облыс әкімі жеңімпаздардың бәріне көлік сыйлауды дәстүрге айналдырған. 

“Бүгінде Берік Уәлидің бастамасымен облыста руханият, мәдениет, спорт және өнер саласына ерекше көңіл бөлінген. Ол кісі өңір кәсіпкерлерімен тығыз байланыс орнатып, демеушілерді осы салаларға тартып отыр. Мысалы, Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойында тоғызқұмалақтан өткен жарыстың жеңімпазына да автокөлік табысталған болатын. Берік ағамыздың осындай игі бастамалары елдің еңсесін көтеріп, мәдениет пен руханияттың жаңа тынысын ашып отыр”, – деп жазды Сара.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.