Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сара Назарбаева Ұлттық госпитальдан шығарылды

Сара Назарбаева Ұлттық госпитальдан шығарылды
Фото: Ашық дереккөзі

Сара Назарбаева Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталынан емін аяқтап, үйіне шығарылды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Медициналық мекеме өкілдері науқасқа толық емдеу курсы жүргізілгенін, ал 2026 жылғы қаңтарда дәрігерлердің амбулаториялық бақылауына жіберілгенін хабарлады.

«Денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өзге ақпарат Қазақстан Республикасы “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жария етуге жатпайды», – деп қосты Совминкада.

Еске сала кетейік, Сара Назарбаеваның ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат 2025 жылғы 5 мамырда жарияланған. Ол кезде оның жағдайы ауыр екені айтылған болатын.

Ал 2025 жылғы қазанда тұңғыш президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның сәуір айынан бері Ұлттық госпитальда ем қабылдап жатқанын хабарлаған. Осылайша, елдің бірінші ханымы шамамен 9 ай бойы дәрігерлер бақылауында болған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер