Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Шақырылмаған қонақтар": Алматыда бөтен адамдар ұзату тойына кіріп, ішіп-жеп, билеп кеткен (ФОТО)

"Шақырылмаған қонақтар": Алматыда бөтен адамдар ұзату тойына кіріп, ішіп-жеп, билеп кеткен (ФОТО)
pixabay.com

Алматыда 7 ақпанда өткен ұзату тойынан кейін әлеуметтік желілерде күтпеген оқиға қызу талқыланды. Threads платформасында қазақстандық бойжеткен тойға екі бейтаныс адамның келіп, еш қысылмастан орын алып, тамақтанып, би билеп, тіпті фотографтың кадрына да түскенін жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Айтуынша, банкет Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткен, бір қонаққа арналған орын құны – 55 мың теңге болған. Қонақтардың орны алдын ала белгіленіп, әр үстелге кімнің қайда отыратыны жазылған. Алайда мереке барысында кей орындардың жетіспей жатқаны байқалған.

"07.02 күні ұзату тойымыз болды. Екі адам келіп, шақырылмаса да бос орындарға отырып алды, тамақ ішті, би биледі. Ал біз орын неге жетпей жатыр деп аң-таң болдық. Мейрамхана арзан емес – бір адамға 55 мың теңге", – деп жазды той иесі.

Кейінірек сол "қонақтардың" бірі жазба авторымен байланысқа шығып, шетелдік танысына қазақтың той дәстүрін көрсеткісі келгенін, бұл қадамды қазақтың қонақжайлығымен байланыстырғанын айтқан.

Бұл оқиға желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбірі жағдайды әзілге айналдырса, енді бірі мұндай әрекетті әдепсіздік деп бағалады. Пікірлердің бірінде: "Адамдарға бөтен тойға баруға ерінбейді екен. Өз тойыма баруға ерінемін", – десе, тағы бір қолданушы 1996 жылғы қызық оқиғасын бөліскен. Ал кейбірі: "Неге олар суретке түсті?" – деп таңданысын жасырмаған.

Жазба қысқа уақыт ішінде кеңінен таралып, Threads желісіндегі талқылау екі миллионнан астам қаралым жинаған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер